ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ЖЫЛЫ 5456 ТҰРҒЫН ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН

30

Түркістан қаласында өткен жылы ұлттық жоба арқылы 5456 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға төмендеген. Қалалық «Мансап» орталығы ұсынған мәліметке сүйенсек, өткен жылы 8308 тұрғын жұмыспен қамту жобаларына қатысқан.

Атап айтқанда, қоғамдық жұмыс орындарына – 1275 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 201 азамат , жастар практикасы бойынша 682 тұрғын жұмысқа жолданды. «Күміс жас» жобасымен 175 азамат жұмысқа тұрса, тұрақты жұмыс орындарына – 5456 азамат, алғашқы жұмыс орнына 130 тұрғын орналасты.

400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік грант қаражатын ұсыну бойынша өткен жылы 3 лекті комиссия отырысы өткізілген. Комиссия шешімімен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік қайтарымсыз грантты 150 тұрғын алған. Биыл аталған жобалар аясында жүйелі жұмыстар атқарылып, жұмыссыздық деңгейін азайту көзделген. Кәсіп ашуға ниетті 143 азаматқа мемлекеттік қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Сондай-ақ қоғамдық жұмыс орындарына 1120 адамды, әлеуметтік жұмыс орындарына 140 азаматты, жастар практикасы бойынша 690 тұрғынды жұмысқа жолдау қарастырылған. «Күміс жас» жобасымен 170 тұрғынды, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы 135 тұрғынды орналастыру жоспарланған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі