ДЕПУТАТТАР БІРЛІК СЕКТОРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

17
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Еркебұлан Хандиллаев және қалалық мәслихат депутаттары Бірлік секторында тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында 2025 жылдың қорытындылары мен 2026 жылға жоспарланған жобалар туралы кеңінен мәлімет берілді.
Жиын барысында тұрғындар өздерін алаңдатқан мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, қоғамдық көлік қозғалысын реттеу, мектеп маңындағы аяқжолдың жағдайы, сондай-ақ балалар ойын алаңшаларының санын арттыру мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, абаттандыру, қоқыс шығару және тазалыққа қатысты түйткілдер де назардан тыс қалмады.
Өз кезегінде депутаттар көтерілген әрбір мәселе бойынша тиісті сала мамандарына нақты ұсыныстар жолданатынын жеткізді. Бірқатар өтініштер бойынша депутаттық сауалдар жолдау жоспарланып отырғаны да айтылды.
Кездесу соңында депутаттар тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтіп, көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын мәлімдеді.