ӘКІМ ҰЯЛА МА, ӘЙЕЛ ҰЯЛА МА?

22


Түркістан қаласында халықпен кездескен облыс әкімі Нұралхан Көшеров бір әйелдің сөзіне сенбей оны ”бәстесуге” шақырды. Әйел кісі “мектеп алыс 4 шақырым қашық” десе, әкім “мүмкін емес” деп ашуланлы. “Алдағы апта үйіңізге барвп, бірге жаяу жүріп өлшейік”- десті әкім. Бәстескендей болды.
Ал, енді не болады? Әзірге, Түркістан қаласы әкімдігі жаңа қала маңында “топырлаған” 4 мектеп барын жариялап, әйелдің сөзін теріске шығарып жатыр. Асықпайық! Ендігі апта әкім мен әйел бірге жүріп, көзбе-көз өлшер бәлкім. Сонда, “Әкім ұяла ма, әйел ұяла ма?..”

Ескертпе: Жаңа қала маңында орналасқан 4 мектеп схемасы туралы мәлімет төмендегідей:
ӘІО Жібек жолы тұрғын үй кешені 20/1 үйге жақын
аумақта 4 мемлекеттік мектеп орналасқан.

  1. 20/1 үй және Білім инновация лицейі аралығы – 700 метр (7 мин)
  2. 20/1 үй және №28 мектеп аралығы – 1.5 шқ (14 мин)
  3. 20/1 үй және №32 жайлы мектеп аралығы – 1.7 шқ, (15 мин)
  4. 20/1 үй және 23 мектеп аралығы – 2.4 шқ (20 мин)