“БӘДІК” САПЫРУ КІМГЕ КЕРЕК?…

25


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың Түркістан қаласының халқымен кездесуінен құлақтанбаған адам жоқ шығар. Кездесу уақыты алдын ала хабарланды. Көп адам келді. Көрді. Тіпті, келмегендер үшін тікелей эфирден көрсетілді. Кім сөйлемеді дейсіз? Сұрақты қарша боратты. Шер тарқатқан кездесу болды. Елдік мәселені айтқандар да болды. “Тупой” сұрақтан өзді-өзі мезі болғандар мен айқайласқандар да болды.
Облыс әкімі дәлелмен, фактіге жүгініп сөйлеуді сұранды.
Дегенде Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы оң көрсеткішке ие. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының командасы ерінбей-талмай еңбек етуде. Жақсы істі көз көріп, көңіл қуанады. Тоқмейілситін әкім Әзімбек емес. Баянды бастамаларды жалғастыра беретінін айтты.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өткен жылғы атқарылған жұмыстарға тоқталып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын баяндады 📊📈
🗣 «Осы жылы да бірінші кездесуімді киелі Түркістан қаласының тұрғындары – өздеріңізбен өткізгенді жөн санадым. Бүгінгі кездесуде де белсенділік танытып, ойларыңыздағы мәселелерді бірге талқылап, шешімін табуға атсалысайық», – деді өңір басшысы.
✅ Былтыр қала бойынша 17 мәселе көтеріліп, оның 16-сы шешімін тапты.
🏟 Тұрғындардың сұранысымен спорт кешендері салынды.
🛣 111 көшеге асфальт төселді.
📈 Экономикалық өсім де айқы:
🔹 облыс бойынша 1,7 трлн теңге инвестиция тартылды (өсім 121,6%)
🔹 Оның 1,1 трлн теңгесі – жеке инвестиция 💼
🔹 340 млрд теңгеге 58 жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды 👷‍♂️🏭
🔹 Салық түсімі алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті 💰
Бұл – Түркістанның тұрақты дамуының нақты көрсеткіші 🌿🏗
Кездесуден кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке қабылдады. Жалпы кездесу мен жеке қабылдау алты сағаттан асып, әрбір азаматтың мәселесіне жеке көңіл бөлінді ⏳🤲
🏠 Тұрғын үй
📑 Жерді заңдастыру
🚧 Инфрақұрылым
🏢 Құрылыс сапасы
🚌 Қоғамдық көлік
🎓 Білім мен денсаулық
🤝 Әлеуметтік қолдау
Бірқатар мәселе сол жерде шешімін тапты, ал кейбірі бақылауға алынып, жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар берілді. Не десекте, шер тарқатқан кездесу болды. Ашық ой, ашық пікір айтылды. 7 сағат ешкімнің аузына қақпақ қойылған жоқ. Сөзін жүйелеп, жөнді сұрақ қоя алмағандар мен өзді-өзі дауласқандар да болды. Ашық кездесу өтті. Оған қуандық. Бірақ, ашық кездесудің мәні осы екен деп, келешектегі кездесуде кикілжің жасап, “бәдік” сапыру кімге керек? Халық пен билікке керегі, нақты сұрақ, нақты ұсыныс және одан шығар нақты нәтиже. Алдына келген әкімге жеке бастың емес, қоғамдық мәселені қозғап, оңтайлы шешсек игі болар еді. Бір ауылдың мәселесін өзара келісіп өз ішінен сөзшең бір адамға айтқызса, елді мезі етер қайталанба сұрақтар қысқарар ма еді?..
Айтпақшы, облыс, аудан, қала әкімдерінің әлі талай аудан-қалада кездесуі болады. Ойтамызық…