ШЫМКЕНТ: ЖАСТАР КРЕАТИВТІ ТҮРДЕ ДАУЫС БЕРДІ

8

Шымкент қаласындағы №99 референдум учаскесінде жастар ерекше белсенділік танытты. Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының 40-қа жуық қызметкері ұйымдасқан түрде учаскеге келіп, өз таңдауларын жасады.

Осы күні учаске ерекше көңіл-күйге бөленді: ұлттық киім киген жастар қолдарына елдің көк туын ұстап, шағын флешмоб ұйымдастырды. Бұл көрініс дауыс беруге келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, саяси науқанның маңызын айқындады.

Жастарды бастап келген Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Жұман жастардың ұйымшылдығы мен белсенділігінің қоғамға әрдайым үлгі болуын атап өтті.

№99 референдум учаскесінде жалпы 595 сайлаушы тіркелген, олардың 65-і қазіргі уақытқа дейін дауыс беріп үлгерді. Учаскеде 5 комиссия мүшесі жұмыс істеп, дауыс беру процесінің талапқа сай өтуін қамтамасыз етуде.

Жастардың осындай белсенділігі ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың көп екенін көрсетеді.

ШЫМКЕНТ: МОЛОДЁЖЬ ПРОГОЛОСОВАЛА КРЕАТИВНО

На избирательном участке №99 в Шымкенте молодежь проявила особую активность. Около 40 сотрудников Шымкентского городского ресурсного центра для молодежи пришли организованно и сделали свой выбор.

В этот день участок отличался праздничной атмосферой: молодые люди в национальных костюмах держали в руках государственный синий флаг и провели небольшой флешмоб. Этот перформанс поднял настроение избирателям и подчеркнул важность участия в политическом процессе.

Глава Шымкентского городского ресурсного центра для молодежи Жансерик Жуман отметил, что организованность и активность молодежи всегда должны служить примером для общества.

На участке №99 зарегистрировано 595 избирателей, из которых 65 уже проголосовали на данный момент. На участке работают 5 членов комиссии, обеспечивая соблюдение всех требований процесса голосования.

Активность молодежи демонстрирует, что количество граждан, неравнодушных к будущему страны, растет.