Түркістан облысы бойынша «Дауыс» байқаушылар коалициясының басшысы: байқаушылар облыстың 922 учаскесін қамтиды.

7

Түркістан облысы бойынша «Дауыс» байқаушылар коалициясының жетекшісі Бақытжан Әшірбаев Түркістан облысындағы дауыс беру барысы туралы айтып берді. 

Оның айтуы бойынша, Коалицияның барлық бақылаушылары таңғы сағат 5:45-тен бастап учаскелерге келіп, дайындық жұмыстарын жүргізе бастағанын хабарлады.

Бақытжан Әшірбаев барлық бақылаушылар оқудан өтіп, нұсқау берілгенін атап өтті. 

Қазіргі уақытта «Дауыс» коалициясының өкілдері сайлау учаскелерінде бақылау жүргізуде.