ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

7

Сарыағаш ауданындағы №653 дауыс беру учаскесінде жалпыхалықтық референдум аясында суретшілер байқауы ұйымдастырылды. Шара — елдің Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының маңызын кеңінен дәріптеп, жастардың патриоттық рухын арттыруға бағытталды. Жарысқа қатысқан суретшілер Мемлекеттік рәміздерді бейнелейтін түрлі көркем туындыларын ұсынды. Дауыс беруге келген тұрғындар көрмені тамашалап, ерекше әсер алды. Байқауға қатысқан азаматтарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, шара барысында жастарға патриоттық тақырыптағы шеберлік сабақтары өткізілді. Бұл олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ел тарихына деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді.

Айта кетсек, Сарыағаш ауданы облыстағы дауыс беру учаскелері ең көп аудандар қатарында. Аудандағы 82 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранымен салтанатты түрде ашылып, жұмыс істеп тұр. Тұрғындар референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр. Мұндай мәдени-ағартушылық іс-шаралар халықты патриоттыққа тәрбиелеуге, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және қоғамдық бірлікті нығайтуға септігін тигізеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


ТУРКЕСТАН: В САРЫАГАШСКОМ РАЙОНЕ В ДЕНЬ РЕФЕРЕНДУМА ПРОШЕЛ КОНКУРС ХУДОЖНИКОВ

На участке голосования №653 в Сарыагашском районе в рамках всенародного референдума был организован конкурс художников. Мероприятие было направлено на повышение патриотического духа молодежи, популяризацию значения флага, герба и гимна страны. Художники, участвовавшие в соревновании, представили различные художественные произведения, изображающие государственные символы. Избиратели, пришедшие на голосование, увидели выставку и получили особое впечатление. Участникам конкурса были вручены специальные призы от организаторов. Кроме того, в ходе мероприятия для молодежи были проведены мастер-классы на патриотическую тематику. Это позволило им развить творческие способности и повысить интерес к истории страны.

Стоит отметить, что Сарыагашский район входит в число районов области с наибольшим количеством участков для голосования. 82 избирательных участка в районе торжественно открыты и функционируют в 07:00 часов утра под государственный гимн Республики Казахстан. Жители активно участвуют в референдуме и делают свой выбор. Такие культурно-просветительские мероприятия способствуют патриотическому воспитанию населения, повышению гражданской активности молодежи и укреплению общественного единства.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области