Тұрғындар алдағы екі жылда толығымен сапалы электр қуатымен қамтылады

416

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысының шеткі аймақтарды дамыту туралы берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында шағынаудандар мен тұрғын алаптардың инфрақұрылыммен қамтылу жайын пысықтады.

Ауданның электр жүйесімен қамтылу жағдайын баяндаған Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков ауданның мемлекеттік электр жүйесімен қамту көрсеткіші 96,5 пайызды құрайтынын жеткізді. Қазіргі таңда Жалын тұрғын алабында, Жұлдыз және Қарабастау тұрғын алабтарының жаңақұрылысында сапалы электр желісін тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, 10 тұрғын алаптағы жекеменшік жүйедегі 2,5%-ды және жаңа құрылыс учаскелеріндегі қамтылмаған 1,0%-ды сапалы электр қуатымен қамту үшін қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС-мен жобалық сметалық құжат әзірленуде екенін айтты. Ағымдағы жыл соңында ЖСҚ аяталған соң, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге өтінім беріледі.

2022 жылы Қарабастау, Қаратөбе, Айнатас, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1/2, Тұрдыабад, Маятас, Еламан тұрғын алабтарының электр сапасы артады. Осылайша алдағы жылдары Еңбекші ауданындағы 47 мыңнан астам тұрғын сапалы электр қуатына қол жеткізіп, қамтылу көрсеткіші 100 пайызға жетпек.