Абай ауданында санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде
![](https://ara24.kz/wp-content/uploads/2021/09/e50b88b6e1cc33d2b09e22d0ae67d86d.jpg)
Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аудан аумағындағы Крмель, Мақталы, Мамытов, Қожанов көшелерінің бойындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары және Жайлау, Шұғыла, Ынтымақ-2 шағын аудандарында тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстарына «Ақсемсер-стройсервис» ЖШС-нің 16 техникасы мен 42 жұмысшы күші жұмылдырылған. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының Халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің мамандары тарапынан қадағалануда.
Ауданда бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.