ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!

438

Еңбекші ауданы бойынша жыл меценаты номинациясына ие болған азаматтың есімі — Байкен Әшірбаев. Бұл ақпаратты әкімдіктің инстаграм желісінен байқап, халық қалаулысының халыққа жақын екендігін байқадым. Себебі Байкен мырза депутат болғанша жасаған жұмыстарын “бір қолым жасаған жақсылықты екінші қолым білмесін” деген ұстанымда жасырғанын да сездім. Ел ағасының пандемия және ораза кезінде жасаған игі амалдарын да құлақ естіп, көз көріп жүр.
Тіпті, түсірілім барысында жиындарда ашық ұтқыр ойын ортаға салуменде көзге түсті. Халық қалаулысын Бадам мен Жұлдыз елді мекенінің халқы, еңкейген қарты мен еңбектеген баласына дейін танып құрметтейді. Себебі Байкен аға нағыз атымтай жомарттың қазіргі бейнесі. Алдына көмек сұрап келген кісінің қолын қайтармайды, тілегін орындайды.
Бастысы халықты мазалаған күрмеуі шешілмеген мәселені депутаттыққа түспей-ақ мәселенің оң шешуілуіне ат салысқан арда азамат. Бүгінде халық қалаулысы атанып, ауылдың көпірі, көшенің жөнделуі сияқты жұмыстарды орындауда осындай игі шаралардың бел ортасында жүрген атпал азамат.
“Халық айтса, қалып айтады”. Еңбекті көріп, ең шынайы, ең әділ бағаны беретін де халық. Ал, қаламыздағы депутаттар қатарынан Байкен ағаның игі ісіне халық әркез алғысын білдіріп жүр. Өздеріңіз білетіндей, адамгершілікке арналған үш сауап бар: шөлге құдық қазған бір сауап, жолға ағаш еккен бір сауап, өзенге көпір салған бір сауап. Сол сауапты істердің бірін жүзеге асырған Байкен Әшірбайұлы депутат болып сайланғаннан кейін арада бір ай өтпей, бір емес, екі ауылдың көпірін өз қаржысы есебінен жөндеп берді. Көптен бері көтеріліп келген мәселе шешімін тапқанына сенбеген Еңбекші ауданы, Жұлдыз аумағы және Бадам-1 елді мекендерінің тұрғындары халық қалаулысына алғысын жеткізіп, ақ батасын берді.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, осындай ел ағасы халық алдындағы міндетін биік қойып, еткен еңбегі айтылу қажет. Жастарға үлгі бола білген Байкен Әшірбайұлының жұмысына сәттілік тілейміз.

Автор: Азиза Мадиярқызы