ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ-ЖАРҚЫН ЖОЛДЫҢ БАСТАУЫ

235

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев Жолдауда мемлекет пен оның тұрғындары үшін көптеген маңызды мәселелерді көтерді. Елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтты. 2021 жылғы жолдау «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» деп аталды.
Мемлекет басшысы тәуелсіздігіміздің төртінші онжылдығына қадам басқалы тұрғанда алда болатын сын-қатерлерге дайын болуымыз керек екенін ескертті. Жолдау барысында мемлекет басшысы пандемия кезінде азаматтарға ауқымды көмек көрсетілгені туралы, атап айтқанда елімізде 70 мың жұмыс орны ашылып, өндірілген өнім мен қызметтің құны 3,5 трлн теңгені құраған. Сондай-ақ, 66 мың жобаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейту туралы шешімін жария етті. Бұл шара 1 млн. адамды тікелей қамтитын болса, еңбек етіп жүрген барлық азаматтарға жанама түрде әсер етеді.
Сонымен қатар 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің және басқалардың жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды. Бұл бастаманың игілігін тұтастай алғанда тағы 600 мың қазақстандық көреді.
Президент зейнетақы қорындағы жинақтың алуға болатын бөлігін «Отбасы банктегі» есепшотқа аударып, сол арқылы баспана сатып алуға рұқсат беру керек деп санайды. Оның айтуынша, бұл қаржыны дұрыс жинап, сауатты пайдалану дағдысына үйретеді.
Ол қазіргі заманда бәсекелестіктегі басым бағыттардың бірі цифрландыру екенін атап өтті. Осы орайда, Қазақстан үшінде зауанами цифрлық техонологияны енгізу мен қолдану маңызды екендігін, отандық жоғары санатты IT мамандарды әзірлеу керектігін айтты. Цифрландыру туралы ұлттық жоба аясында кем дегенде 100 мың жоғары санатты IT маман әзірлеу керектігін алға тартты.
Ол сонымен қатар, Парламент депутаттарына әрбір заң жобасының қыр-сырына терең үңіліп, оны сапалы дайындау керектігін атап өтті. Әрбір шешім елдің сұранысын да, мемлекеттің мүмкіндігін де ескере отырып қабылдануы қажет. Мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі қажет екенін ескертті. Мемлекет басшысының саясатына күмәнмен қарайтындар, жұмысын атқара алмайтындар, уақыт өткізіп босқа отыратындар мен президенттің тапсырмаларын орындаудан жалтаратындар болса, қызмет орындарын босатулары керектігін тілге тиек етті.
«Біз қазір дамуымыздың шешуші кезеңіне қадам бастық. Мемлекеттік аппарат біртұтас механизмдей жұмылып жұмыс істеуге міндетті. Тек сонда ғана біз мақсатымызға жете аламыз», – деді Мемлекет басшысы
Президент жолдауында қоғамдағы өзекті мәселелердің бәрі қамтылды. Мемлекет басшысы инфляцияны 4-6 пайыз дәлізіне қайтаруды жүктеді. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы, бұрынғы барлық жолдаулар сияқты, өте мазмұнды болды. Жолдауда Қазақстан халқын толғандыратын мәселелер көтерілді. Біздің қоғамның барлық салалары қамтылды.
Мырзахан Манапов,
Отырар аудандық мәслихатының хатшысы