ҚАЛАДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

357
Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Атап айтқанда, 11, 12, 13, 15, 16, 17, 18 шағынаудандарында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы, ирригациялық арықтары, балалар алаңшалары, қоқыс жәшіктері, ішкі орам жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары тазалануда.
Аталған жұмыстарға “ЛТД Тұрмыс” ЖШС және “Боракбаев» ЖК тарапынан жалпы 105 жұмысшысы, 10 техника жұмылдырылған.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да үздіксіз жүргізілетін болады.