МӘРТТІГІМЕН ТАНЫЛЫП, ЖОМАРТТЫҒЫМЕН ТАҢҒАЛДЫРҒАН…

506
Бұл кісі туралы көптеген жақсы сөздер жазуға да, айтуға да тұрар­лық. Қасиетті Ор­дабасы ауданы­ның дамуына, тұрғын­дардың көп­жылғы арманы болған табиғи газ­дың келуіне және депутаттық кор­пустың жаңа қырынан танылуына айтарлықтай үлесін қосты.
Ол қазақстан мәслихат хат­шылары бірлестігінің төрағасы, аудандық мәс­лихаттың былтырға дейінгі хатшысы, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы. Кімді жазып отыр демеңіздер, менің ерекше жақсы көретін ағаларымның бірі Баймахан Қожатайұлы Сәдуақа­сов Пайғамбар жасына келіп, әде­мі қартаюдың нағыз үлгісін көр­сетіп отыр.
Баймахан Қожатайұлы 1958 жылы Оң­түстік Қазақстан облысы Ордабасы (бұр­ынғы Арыс) ауданы Бөген ауылында дү­ниеге келген.
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіріп, Фрунзе қаласын­дағы Ауыл шаруашылық, Шымкент қаласындағы М.Сапарбаев атын­дағы институттардағы оқуын инже­нер-механик және заңгер маман­дықтары бойынша тәмамдап, еңбекке ерте араласқан.
Еңбек жолын Ақтау қаласын­дағы Кас­пий Тау-кен Металлургия Комбина­тын­да аппа­ратшы, сле-са­рь, жүргізуші болды. Әс­кери бо­рышын өтеген соң, қайтадан осы меке­ме­ге оралып, механик, бас ме­ханик, инженер ретінде еңбек етті.
1989 жылдан бастап жеке кә­сіп­кер­лік­пен айналысып, «Гори­зо­нт», «Забира» өндірістік коопера­тивтерінің төрағасы және «Дар и С» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінің құрылтайшы-директоры қызмет­терін атқарды.
Қай қызметте болсын, өзін ұқыпты, жа­уапкершілігі мол, өз ісі­не тиянақты қызмет­кер ретінде көр­сете білген Байекең қысқа мерзім ішінде абырой-беделге ие болды.
2007 жылы ол алғаш рет ау­дан­дық мәс­лихаттың депутаты ата­нады. Ордабасы ау­дандық мәс­лихатының ІV-V-VІ шақы­ры­лым­дарының депутаты, артынша ау­дандық мәслихат тексеру комис­сиясының төр­аға­сы, ал 2013 жыл­дан бастап сегіз жыл қа­та­ры­нан Ордабасы аудандық мәслиха­ты­ның хатшысы болып сайланды. Ел сеніміне селкеу түсірмеген Байе­кең 2016 жылдың наурыз айынан бастап Ордабасы аудан­дық Қо­ғамдық Кеңестің төрағасы қыз­ме­тін де абыроймен атқарып келеді.
Кең пейілді, үлкен жүректі аза­маттың елге сіңірген еңбегінің зор болғаны сон­ша­лық, ел де оны бар­ынша құрметтей білді. Ол Қа­за­қ-стан Республикасы Прези­ден­тінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, Ордабасы ауданының «Құр­метті азаматы», «Облыстың Құрметті депу­таты» атағына ие болды.
Әрине, бұл атақтарсыз-ақ абы­ройға бөленген Баймахан Қожа­тайұлының шын құрметі қайта-қай­та ресми қуатталғанына орда­басылықтар қуанды. Ол аздай, был­тыр ағамыз ҚР Ауыл ша­руа­шылығы министрі С.Омаровтың арнайы бұйрығымен «Ауыл ша­руашылығы саласының үздігі» төбел­гісімен марапатталды.
Қазақта: «Алаған қол – бере­ген» деген қа­натты сөз бар. «Наг­рада алғаннан, награда берген көбірек қуаныш сыйлайды», – деп қалды бір сөзінде Байекең. Деді де Қа­зақс­тан мәслихат хатшы­лары бірлестігінің төр­ағасы ре­тін­де көптеген ауыл еңбеккер­лері­не, шығармашылық қызмет­кер-л­ерге, сай­ланбалы органдар­дың өкілдеріне өз қо­лы­мен мара­пат та­быстады.
Бір күні: «Әсеке, өңі­ріміздегі бірқатар жур­налистерді де ма­рапаттап жіберу көптен бері ойымда жүрген мә­селе еді. Осы бір игі істі орындап жібер­сек қай­теді?» – деді. Қуана-қуана қошта­дым. Осылайша, Баймахан аға­мыз қасиетті Темір­ланда елге бел­гілі бірқатар жур­налис­тердің ба­сын қосып, Қа­зақ­стан Республи­касы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалып­та­суы­на қосқан елеулі үлесі үшін Оңтүстік өңі­рін­дегі бұқаралық ақпарат құралда­ры­ның бір топ өкілдерін: Ерсұл­тан Әмірбекті, Ер­лан Қуанды­қов­ты, Талғат Балта­баевты, Ғалым­жан Елшібайды, Балтабек Түйе­таев­ты, Ғалымжан Зиябекті, Бақтияр Тайжанды және басқа­ларын «Ерен еңбегі үшін» меда­лімен марапаттады.
Марапаттау салтана­тына арнайы қатысқан аудан әкімінің сол кез­дегі орын­басары, орда­ба­сылықтардың бір ұлына айнал­ған Аңсарбек Әбді­құлов жур­налистер қауымының еңбегі елеулі екенін айта келіп, шығармашылық табыс тілеген бо­латын.
Марапат иелері де қалыс қалмай, өз ризашылықтары мен ыстық лебіздерін жарыса білдіргені есте қалды.
Айтпақшы, Байекең шығар­машылықпен де белсенді ара­ласатын абзал азамат­тар­дың бірі. Ол 2010 жылдан бастап де­путат­тардың және мемлекеттік қызметкерлердің республи­калық журналы «Мәслихат және Әкімдіктің» штаттан тыс тілшісі, редак­ция­лық коллегия мүшесі, 2017 жылдан бастап «Тәуелсіз Қазақстан» республикалық газе­тінің арнайы штаттан тыс тіл­ші­сі, 2020 жыл­дан бері «Ғажайып Қазақстан – 2050» рес­публи­ка­лық қоғамдық-саяси журналы­ның бас кеңесшісі, 2020 жылдан бастап Қазақс­тан Журналистер одағының мүшесі.
Әсет Әссанди,
Ордабасы ауданының Құрметті азаматы,
Шымкент қаласы.