«БАТЫРЛАР БҰЛ ӨТЕГЕН ӨЗ ПАРЫЗЫН…»

641
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды.
Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап, жаумен ерлікпен шайқасты.
Ордабасы ауданынан майданға төрт мыңнан астам аттанып, олардың тек екі мыңға жуығы ғана елге оралған.
Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Ұлы Отан соғысында ерлік танытқан батырларымызға қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Шара аясында аудандағы жалғыз соғыс ардагері Мұратов Қалменге темір тұлпардың кілті табысталып, құрмет көрсетілді.
Ерлікке тағзым жасауды мақсат тұтқан жиында аудан басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы бейбіт елдің бүгінгі дамуы — рухты елдің кешегі ерлігінің нәтижесі екеніне ерекше тоқталды.