ШЫМКЕНТТІҢ 2200 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ПОШТАЛЫҚ МАРКА ШЫҒАРЫЛДЫ
![](https://ara24.kz/wp-content/uploads/2021/11/WhatsApp-Image-2021-11-02-at-22.02.39-734x613.jpeg)
«Қазпочта” Шымкент әкімдігінің ұсынысы бойынша «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» почта маркаларының сериясы шеңберінде «Шымкент қаласына 2200 жыл» почта маркасын қолданысқа енгізді. Партия 9000 дананы құрайды. Марканы «Қазпочта» АҚ-ның кез келген бөлімшесінен сатып алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, ЮНЕСКО Бас конференциясының 40-шы сессиясының шешімімен Шымкенттің 2200 жылдығы ЮНЕСКО-ның 2020-2021 жылдарға арналған атаулы күндер мен мерейтойлар күнтізбесіне енгізілген болатын. Мерейтойды мерекелеу аясында қалада бірқатар іс-шаралар өткізілуде.