53 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДЕ МҮЛІК ИЕЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІГІ ҚҰРЫЛДЫ

408
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2011 жылдан бастап, жалпы 87 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Биыл 22 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ұсыныс берілді. 7 үйге қаржы бөлініп, үйлердің шатыры, сыртқы қасбеті мен инженерлік жүйелерге жөндеу жұмыстары атқарылуда.
Алдағы уақытта 37 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тұрғындардан 1-2 келісім хаттамалары әзірленуде.
Сонымен қатар, бүгінге дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша тұрғындармен 500-ден астам жиналыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 53 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді. Сондай-ақ, 295 тұрғын үйде жай серіктестік құрылды.
Аудан аумағында көпқабатты тұрғын үйлердің 53 %-дан астамы жаңа басқару түріне өтті. Қосымша мүлік иелерінің бірлестігін құру бойынша 33 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жинақталуда.