ШЫМКЕНТ: ИГІЛІКТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

526
Шымкент қаласының Абай ауданы аумағындағы Игілік тұрғын алабында «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі жеке инвестор есебінен салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарының барысын аралап көрді.
Тұрғын үй кешені жеке инвестор «Берен» (БАТСУ) ЖШС есебінен салынуда. Жоба құны – 3 млрд теңге. 5 қабатты 4 тұрғын үйдің жалпы алаңы – 12 мың шаршы метр.
Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың 3 тоқсанында басталды. Жеке инвесторлар құрылысты 2022 жылдың 2 тоқсанында аяқтауды жоспарлауда. Бас мердігер «СК Стройиндустрия» ЖШС алты айда баспана кілтін тұрғындарға табыс етпек.
Қала әкімі нысандардың сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін жіті қадағалауды тапсырды.