БАС ПРОКУРАТУРА: ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ЖАСАЛҒАН ШАҒЫМДАРДЫҢ ӘРҚАЙСЫСЫ МҰҚИЯТ ҚАРАЛАДЫ ЖӘНЕ ҚАЙТА ТЕКСЕРІЛЕДІ

600

Бүгінге, прокуратура органдарына тыйым салынған тергеу әдістеріне және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тергеу барысында азаматтардың құқықтарын бұзу деректері бойынша 109 шағым түсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады.
Билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану туралы 11 шағым бойынша прокурорлармен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, ал қылмыстық қудалау органдары прокуратураның нұсқауымен 10 қылмыстық істі тіркеді. Бүгінгі күні, 21 қылмыстық іс өндірісте, олардың ішінен 20 сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлерімен және 1 арнайы прокурорлармен тергелуде. 43 арыз бойынша тексерулер жалғасуда, 22-сі өз дәлелін таппады.