ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 34 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

433

Шымкентте 2021 жылы көшелерді жарықтандыру көрсеткіші 43,4 пайызды құрады. Қала әкімі М.Әйтенов Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуде биыл да бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді.

Шаһарда 747 әлеуметтік маңызы бар көшенің (1758 шақырым), оның ішінде 324-і жарықтандырылған. 2022 жылы қала көшелерін жарықтандыру көрсеткішін 57 пайызға жеткізу межеленіп отыр. Яғни, 102 көше, 2023 жылы 106 көшеге жарықшамдар орнатылады.

Еңбекші ауданында 92 көше (166,6 шақырым) жарықтандырылған. 2022 жылы 34 көше (51,1 шақырым), 2023 жылы 37, 2024 жылы 40, 2025 жылы 45 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы биыл жарықтандыру көрсеткішін 31,0 пайызға жеткізу жоспарланған.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent?lang=kk