ҚҰРСАЙДА АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

477

Абай ауданына қарасты Құрсай елдімекені тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы жалғасуда.

Бүгінде Құрсай шағын ауданы ауыз суды кесте бойынша тұтынып отыр. Аталған мәселені шешу мақсатында өткен жылы құрылыс жұмысы басталған болатын. Бүгінде қазба жұмыстарының 40 пайызы аяқталып, 90 шақырымға жуық су құбыры тартылған.

2022 жылдың соңына дейін құрылыс жұмысы толық аяқталып, 11 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады.

Сондай-ақ, Құрсай елдімекені тұрғындары үшін күрделі мәселелердің бірі – табиғи газ және сапалы электр қуаты мәселелері.

Қазіргі уақытта аталған инфрақұрылым жүйелерін тарту мақсатында ЖСҚ әзірлеу үшін бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. 2022 жылдың соңына дейін жобалау жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталатын болады.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent?lang=kk