ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕМЬЕР ЛИГА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ

1086

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығында «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Республикалық Премьер Лига» жайдарман ойыны өтті. Еліміз бойынша 21 команда, 167 жайдарманшылар бақ сынасты. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Көкшетау, Атырау, Қарағанды, БҚО, Қостанай, Жамбыл, Павлодар, ШҚО-нан қатысты. «Республикалық Премьер Лига» жайдарман ойынының 1/16 финалдық кездесуіне 15 командаға жолдама берілді. Жайдарманның ең басты ерекшелігі – өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. Сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтитын аталмыш ойын тек шығармашыл жастардың орталығы. Жайдарманшылар 16 -19 мамыр аралығында Шымкент қаласына саяхат маусымымен келген болатын. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен қаланың көрікті жерлерін аралап, жастар ресурстық орталығының алдында жайдарманшылар арасында үстел теннисінен турнир өткізілді. Саяхат маусымының соңғы күнінде @jake_tau туристік агенттігінің қолдауымен, жайдарманшылар Біркөлік шатқалында демалып, ойынды керемет көңіл-күймен бастады. Шымкент қаласының жастар ресурстық орталығы қала жастарының уақытын тиімді өткізу әрі мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру үшін 4 ауданнан арнайы орталық ашқан. Жастардың игілігі үшін пайдалануға берілген орталық бір мезетте 50-100 адамға дейін қызмет көрсетуге қауһарлы. 5 бағыт бойынша жұмыс жасайтын бөлімшеде жастарға қызмет көрсетуден бастап, олардың арасындағы таланттыларын қолдауғада мүмкіндіктер қарастырылған. Сонымен қатар, орталықта коворкинг орталығы, шағын кітапхана, психологиялық кеңес беру бөлмесі де бар