ЛИФТТЕРДІ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ!!!

223

Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік қадағалау қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жүктелген.

Қауіпті санатқа жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, арқан жолдар және фуникулерлер жатады. Олардың барлығы міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтеді. Ол үшін әрбір көтеру механизміне тиісті техникалық құжаттама болуы тиіс.

Лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын ҚР Инвестициалар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен бекітілген «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалангу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» сәйкес жүргізеледі.

Сондықтан бекітілген Ереженің талаптарына байлданысты лифтіні іске қоспас бұрын көтергіш механизмнің иесі (сертификатталған орнатушы) толық техникалық құжаттаманы ұсынылуы тиіс.

Барлық ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілгеннен кейін ғана мемлекеттік тіркеуге өтінім беріледі. Тіркеу мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарына сәйкес Е-gov платформасында электрондық форматта жүзеге асырылады. Яғни, әрбір лифт, эскалатор немесе фуникуляр мемлекеттік бақылауда.

Қазір біздің басқарма қызметкерлері қаланың лифт шаруашылығына түгендеу жүргізуде. Өткен жылы 125 жүк көтергіш қондырғы сыналды, оның 66-і мемлекеттік базада тіркелді, қалғандарына талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты бұл істен бас тартылды. Бас тартудың себептері әртүрлі, бірақ көп жағдайда бұл техникалық құжаттаманың толық емес пакеті. Меншік иесі бәрін ретке келтіргеннен кейін оған мемлекеттік тіркеуге өтініш беруге рұқсат беріледі»

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес, Лифттің сақталуына және дұрыс пайдалануға көпқабатты үйдің тұрғындары жауап береді. Ал, сервистік қызмет көрсетуші мекемелер лифтілерге және көтергіш механизмдерге техникалық қызмет көрсетеді.

Шымкентте 11 арнайы қызмет көрсетуші компаниялар көрсетеді:

 

  1. ТОО «Эйерлифт Қазақстан» — 8-701-444-84-50
  2. ТОО «Шымкентлифтмонтаж» — 8-775-936-29-14
  3. ТОО «Элитлифтсервис» -8-700-300-04-07
  4. «Шым Электропром» Лифт» ЖШС – 8-701-056-70-00; 8-708-645-87-63;

8-705-698-06-84

  1. «Lift Story Shymkent» ЖШС – 8-747-774-64-65; 8-747-725-52-37
  2. «Шымкентторглифт» ЖШС – 8-775-303-83-11; 8-708-359-05-06
  3. «Қазақлифттехнологиясы» ЖШС -8-701-454-38-78
  4. «Қорған лифт» ЖШС – 8-777-917-00-43
  5. «ЛифтГрант» ЖШС – 8-708-598-11-65,8-771-237-88-81
  6. «Arman Lift» ЖШС – 8-771-510-02-00
  7. «Shuhrath Servis ЖШС – 8-705-361-10-30

Сонымен қатар, көп қабатты үйлердің тұрғындары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымды қаражат негізде пайызсыз кредит беру есебінен тұрғын үйдің лифт қондырғыларын ауыстыра алады. Лифт ауыстырғысы келетіндер аудандық әкімдіктерге немесе қалалық тұрғын үй басқармасына жүгіне алады.