БҮГІН ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ЫНТЫМАҚ ҮЙІ» ТАҒЫ БІРҚАТАР ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

1104

Бүгін ғимаратқа қоныстанған жаңа ұйымдарға сәттілік тілеп, қоғамдық келісім, татулық, ұрпақтар сабақтастығы, тәлім мен тәрбие осы шаңырақтан басталсын деген ізгі ниетімді жеткіздім-дейді қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков.

Қоғамдық келісім Кеңесі, «Чернобыль-Семей» Одағы, «Ядролық сынақ полигонының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігі, Ауған соғысы ардагерлер Кеңесі, өзбек, түрік, славян этно-мәдени бірлестік өкілдері  «Ынтымақ үйінде» игі бастамаларымен қуантады деп сенемін-деді ол.

Үкіметтік емес ұйымдарды бір шаңырақтың астына жинаудағы негізгі мақсатымыз — Түркістанды түлетуге, өркендетуге жұдырықтай жұмылдыру, осылайша өзгелерге бірлік пен тиянақты тірліктің үлгісін көрсету.

Биылғы «Балалар жылын» мәнді етіп өткізу, қаламызды туристік орталық ретінде дамыту, өркениет пен мәдениетке серпін беру жолында «Ынтымақ үйіне» жүктелер жауапкершілік зор!

«Ырыстың мерейі — бірлік», қадірменді жерлестер-деді Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков.

“ARA-ақпарат”