ШЫМКЕНТ: ЖАЛПЫ КӘСІПТІК ОҚЫТУЛАРҒА ЖОЛДАМА ШІЛДЕ АЙЫНЫҢ БАСЫНАН БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

416

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту  орталығы» КММ-нің  директоры  Әсет Шағдат Әсетұлы айтты.

Брифинг спикері: — Жалпы кәсіптік оқытуларға шілде айының басында жолдама беру бастау алды. Кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктерінен шыға отырып 3 ай мерзімді құрап отыр.

2022 жылы «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыз 1632 азаматты оқыту жоспарлануда. Оның 832-сі жастар. Сонымен қатар, «Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бойынша 760 азаматты оқыту жоспарланса, оның 220-сы жастар санатындағылар екендігін жеткізді.

2021 жылы Шымкент қаласы бойынша нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І-бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2500 азамат жолданды. Оларды 25 білім беру мекемесі 31 мамандық бойынша оқытқан болатын.

Атап айтқанда:  қызмет көрсету саласында 12 мамандық бойынша 795 адам, ауыл шаруашылығы саласында 3 мамандық бойынша 75 адам, өндіріс саласында 7 мамандық бойынша 1310 адам, құрылыс саласындағы 9 мамандық бойынша 320 адам арнайы білім алып, сертификатқа ие болған.

Сондай-ақ, skills.enbek.kz онлайн режимде кәсіптік оқыту платформасында 9 наурыздан бастап қолданыстағы функционал оңтайландырылды және жаңа сервистер іске қосылды. Қазақстандықтарға кәсіби өсу және дағдыларды арттыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін платформада курстарды іздеу жетілдірілді, сабақтардың түсінікті құрылымы құрылды, оқыту процесін қадағалау және курс авторларымен жылдам өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі бар. Бұл сертификат enbek.kz электрондық еңбек биржасында тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Түйіндемені қарау кезінде әлеуетті жұмыс беруші skills.enbek.kz-те табысты оқудан кейін алынған сертификаттарды көретін болады.

https://skills.enbek.kz/ онлайн платформасында Шымкент қаласы бойынша  1976 азаматты оқыту көзделсе,  олардың 998-ы жастар болмақ.

Биылғы жылы жұмыс берушілердің сұратуына сәйкес, оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша 74 жұмыс берушіден 29 мамандық бойынша өтінім түсті.

Айта кету керек, 2022 жылы оқуға жолданғандардың шәкіртақысы  адам басына 20 948 теңгені құрап отыр. Сондай-ақ, 6 126 теңгені құрайтын бір реттік материалдық көмек те қарастырылған.