ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҢ ҚОС СПОРТШЫСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

288

Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында ММА аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті. 17-20 тамыз аралығында жалғасқан бәсекеде ҚР ұлттық құрама командасының мүшелері, Түркістан облысының сайыпқырандары ел намысын абыроймен қорғап шықты.

Атап айтқанда, арыстық қос бірдей батыр қыз — Аяжан Ергентай мен Аяулым Әубәкір жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бапкерлері — Мұхтар Мамедов, Асхат Борықбаев, Бағдат Жүсіпов

16-17 жас аралығында 52 келі салмақта сынға түскен Аяжан Ерзатқызы күміс медаль алды. Ал 14-15 жас аралығында Аяулым Дәуленқызы 44 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі