№ 107 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ ЖӘНЕ А.НАВОИ АТЫНДАҒЫ №11 МЕКТЕПТІҢ ҒИМАРАТЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

516

Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабындағы Ю. Сареми атындағы

№107 мектеп-лицейі күрделі жөндеуден өтуде. Шаһар басшысы М.Әйтенов аталған мектептің құрылыс жұмыстары барысын тексерді.

2000 орынға арналған мектеп 3 қабаттан тұрады. Бұл білім ошағының жылу жүйесі 11 жыл бұрын ауыстырылса, шатыры мен бірнеше есік-терезесінің қойылғанына 8 жыл болған. Биыл ғимараттың тозығы жеткен тұстары бүтінделіп, шатырының 955 м2 ауысты, электр жүйелері 100%-ға жаңарды. Информатика, физика, химия, биология, логопед кабинеттері заман талабына сай жаңғырып, 2 интерактивті тақта, 350 ноутбук, 130 компьютер, 200 планшет, 8 панель сатып алынды.

Ғимарат құрылысын тексеру барысында қала әкімі бірнеше кемшіліктерді байқап, ескертулер жасады.

«Тексеруші топпен істің 100% сапалы орындалуын келіп, қайта көретін боламыз»,-деді әкім жауапты сала мамандарына.

Барлық кем-кетік жойылғаннан кейін мектеп оқушыларға есігін ашпақ.

Жалпы білім ошағы жаңа оқу жылына 90%-ға дайын. Қазіргі таңда аяқ жолдар төселіп, асфальттау жұмыстары жүруде.

 

А.НАВОИ АТЫНДАҒЫ №11 МЕКТЕПТІҢ ҒИМАРАТЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін күрделі жөндеуден өтіп жатқан А.Навои атындағы №11 жалпы орта мектебіне барды.

Аталмыш білім ошағы осы кезге дейін күрделі жөндеу көрмеген. Биыл шатырынан бастап, есік, терезе, еденіне дейін толық жаңартылды. Жылу жүйелері 100%-ға ауыстырылып, жаңа қоршау салынды. Сонымен қатар, химия, физика, биология, информатика т.б. зерттеу-лабороториялық кабинеттері қосылды.

250 ноутбук, 100 компьютер, 10 панель сатып алынды.

-Мұның барлығы үлкен жұмыс және жауапкершілік. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылар жаңа ғимаратқа көшкендей әсерде болады деп ойлаймын. Қандай да ақау шықса, жауапты мердігер мекеме жіберген қателіктерін 5 жыл ішінде қайта түзеп беруі тиіс. Осы жағын дұрыстап қадағалаңыздар,-деді әкім.

Әзірге жұмыстың 85% орындалған. Күрделі жөндеу қыркүйекке дейін толық аяқталмақ.