А.БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ №50 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ҚҰРЫЛЫСЫ БІТУГЕ ЖАҚЫН ЖӘНЕ АЙНАТАС ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ 9 КӨШЕСІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

286

Шымкентте ескі мектептер күрделі жөндеуден өтуде. Соның бірі – А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы. Құрылыс жұмыстарын көруге арнайы барған шаһар басшысы жауапты тұлғаларға тапсырылған істің сапалы орындалуын талап етті.

Қазіргі таңда А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының ішкі бөлмелері сыланып, есік, терезе, электр жүйелері жаңартылуда. Алғашқы әскери дайындық, робототехника, биология, химия, физика кабинеттері де заман талабына сай жабдықталды. Қосымша су жаңа 500-ноутбук, 150 компьютер, 100 планшет сатып алынды.

Ғимаратты аралау барысында шаһар басшысы жұмыстың жүйелі түрде атқарылып жатқанына көз жеткізді. «Құрылысты мерзімінде тапсыруға асығамыз деп, сапаны естен шығармайық»-деген қала әкімі тиісті сала басшыларына құрылыс қарқынын жіті бақылауды тапсырды.

Мұнда күрделі жөндеу жұмыстарының 65%-ы біткен. Ендігі кезекте «отмостка» құю, сыртқы қоршауды салу, көгалдандыру сынды шаруалар атқарылуы тиіс.

АЙНАТАС ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ 9 КӨШЕСІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

Жол құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында бекітілген жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары бойынша қаланың орталық магистралды көшелерімен қатар, аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелер басты назарға алынады.

Еңбекші ауданы Айнатас тұрғын алабының Бесқұлан, Сарыөзен, Желді, Ақшығанақ, Құмтөкей, Көкорда , Шоқтас, Озыген, Бестерек көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жұмыстар тамыз айының соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі. Тұрғын алаптағы асфальт төселген жолдың жалпы ұзындығы 5 шақырымнан асады.

Айта кетейік, орташа жөндеу жұмыстары бойынша бүгінде 91 нысан — 202 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталды.