СЕНБІ ЖҰМЫС КҮНІ ЖӘНЕ ТАТУЛЫҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ  —  БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

423

30 тамызда Қазақстанның ең басты мемлекеттік мерекелелерінің бірі — Конституция күні атап өтіледі. Биыл мереке сейсенбі күнге тура келіп, демалыс күні 27 тамыздан 29 тамызға, яғни дүйсенбіге ауыстырылды.

Осыған байланысты 27 тамыз, сенбі күні ХҚО-лар, мамандандырылған қызмет көрсету орталығы да 09:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз.

28-30 тамыз аралығында ХҚО-лар жұмыс істемейді.

Қалған күндері жұмыс кестесі сол қалпы сақталады. Жұмыс күндері кезекші ХҚО-лар сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қалған ХҚО бөлімдерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қалалық филиалы

ТАТУЛЫҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ  —  БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

Бүгін   «Жалпыұлттық бірлік – қуатты мемлекет болудың басты кепілі» атты тақырыпта Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» мекемесінің қызметкерлерімен   жиын өтті.

Кездесуге қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы А.Исаева қатысты. Ол ұлттық бірегейлік пен Қазақстан халқының бірлігін, тұрақтылығын сақтауға бағытталған тақырыпта баяндама жасап, қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Тәуелсіздік кезеңіндегі табыстарға береке-бірліктің арқасында ғана қол жетті.  Бұл-егемен еліміздің баға жетпес байлығы. Сондықтан бұл қастерлі құндылықтар әрдайым айнымас темірқазығына айналған. Ал ішкі саяси тұрақтылық — әрбір қазақстандықтың зор жауапкершілік пен белсенділік танытуының нәтижесі.

Жиынынға қатысушылар да осы құндылықтар жөнінде өз ойларын жеткізіп, пікір алмасты.

Шымкент қаласының  Ақпараттық-коммуникациялық орталығы