ТАМЫЗ КЕҢЕСІ- АУҚЫМДЫ, АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ

446

 

Бүгін, Түлкібас аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.

Жиынға аудан әкімі Н.Байғұт, аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сейсенбаев, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Ғ.Жанаева, М.Әуезов атындағы ОҚМУ тарих және педогогика бөлімінің деканы, доцент, филология ғылымдарының кандидаты, ғалым Қ.Оразбаев, «Абыройлы» республикалық журналының редакторы Қ.Тұрғынбай, журналист А.Сәдібекұлы, мектеп директорлары мен орынбасарлары, ата-аналар комитетінің және қамқоршылық кеңесінің төрағалары мен бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қатысты.

Кеңестің ашылу салтанаты аудан әкімі Нұрлан Байғұттың алғы сөзімен бастау алды. Аудан басшысы өз сөзінде жаңа Қазақстанды құратын басты тірек ол — өскелең ұрпақ екенін айтып, ұстаздар қауымының қоғамдағы рөлін ерекшелеп өтті.

Сонымен қатар, Нұрлан Мархабатұлы білім саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатындағы атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, оң бағасын беріп, барша қауымды жаңа оқу жылының ашылуымен құттықтады.

Кеңес барысында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Қадырбек өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға жан -жақты тоқталып, алдағы атқарар іс — шара жоспарына тоқталып өтті. Ал,Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Ғ.Жанаева облыс көлемінде білім саласын ілгерілету жөніндегі атқарылып жатқан шараларды қамтып өтті. Сонымен қатар бір топ ұстаздар қауымы мен қонақтар жарыссөзге шығып, өз ойларымен бөлісті.

Тамыз кеңесі барысында тәрбие және білім беру жолында өлшеусіз еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы марапатталды.

Келген қонақтарға асық ату ойынынан екі дүркін Қазақстан чемпионы атанған аудан оқушыларының шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, оқушылардың жазғы демалыс кезеңіндегі заманауи технологияны үйлестіре отырып жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесі, «Театр», Робототехника мен 3D модельдеу көрмесі, Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің және кітап баспаларының көрмесі паш етілді.

Тамыз кеңесінде еліміздегі білім берудің атап айтқанда мектепке дейінгі білім мен тәрбие, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары білім берудің өзара сабақтастығы көрініс тапты!