ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА, “ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ” ЖОБАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ, ЕКІ АУДАНДЫ ЖАЛҒАП ТҰРҒАН АСПАЛЫ КӨПІР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

376

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданындағы жаңақұрылыс аумағында орналасқан елді мекендерде жүргізіліп жатқан инфрақұрылым нысандары жұмыс барысын тексеріп, тұрғындармен кездесті.

Қазіргі таңда электр қуатымен қамту жұмыстардың 90%-ы атқарылған. Қыркүйек айының соңында  «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізілмек. Нәтижесінде, Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа елді мекендеріндегі

1 729 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Ауыз су құбырлары жүйесін орнату жұмыстары 11%-ға орындалған. Нысан 2023 жылы аяқталмақ.

Аталған елді мекендерді табиғи газбен қамту  бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

Қала басшысы абоненттеу жұмыстары барысында тұрғындардың жұмыла әрекет жасау керектігін атап өтіп, сала басшыларына бұл істі тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

ЕКІ АУДАНДЫ ЖАЛҒАП ТҰРҒАН АСПАЛЫ КӨПІР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

Шым шаһар басшысы М.Әйтенов Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Жеке инвестор есебінен салынып жатқан көпірдің ұзындығы 18 м, ал ені 5 м.

Еңбекші ауданындағы №12 қалалық аурухана мен Қаратау ауданына қарасты орталық аурухана ортасын байланыстарын, басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарға төте жол салып тұрған көпірдің тұрғындар үшін ыңғайлы.

Жаңа көпір жол кептелісін және жүктемесін азайтуға септігін тигізбек.

Еске салайық, Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы ағаш көпір 1986 жылы салынған. Су шайып кеткен соң 1994 жылы ауыл тұрғындары өз есебінен адамдардың жаяу өтуі үшін аспалы темір көпір салып, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізіп келген.

“ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ” ЖОБАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында, тұрғындар ұсынысымен өткен жылы 41 көпқабатты үй ауласы абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылды.

Биыл ІІ кезеңмен 73 көпқабатты және жеке сектор бойынша 6 мекенжай абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы тұрғызылуда.

Жобаға енген «Базарқақпа» тұрғын алабы, Ю.Сареми көшесінде орналасқан 7 көпқабатты үйдің ауласындағы жұмыстар барысымен танысуға М.Әйтенов арнайы барып, тұрғындармен кездесті.

Абаттандыру жұмыстарымен қоса балалар ойын және тренажер алаңшасы салынатын аула жұмыстары қараша айының соңына дейін толық аяқталатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі