БӘЙДІБЕК АТА ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ ЖАҢА ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР КӨПІРІ САЛЫНДЫ
Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округіне қарасты Бәйдібек ата елдімекеніндегі жаяу жүргіншілер көпірі жөндеуден өтті.
Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков «Ауыл ел бесігі» жобасы бойынша атқарылып жатқан істермен танысу барысында аталған елдімекендегі жөндеуден өткен жаяу жүргіншілер көпірінде болды.
Әкімнің мәлімдеуінше, жаяу жүргіншілер көпіріне аудандық бюджеттен қаржы бөлінген. Жаңа көпірге арнайы бетон құйылып, екі жағына тіреуштер қойылып, тұрғындардың қауіпсіздігі қарастырылған.
Бәйдібек ата елдімекеніндегі аталған көпірді жөндеуден өткізіп беру жөнінде аудан әкімінің округ тұрғындарымен есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан мәселе етіп көтерілген болатын. Елдімекен тұрғындарының өтініші қанағаттандырылып, көпір пайдалануға берілді.
Айта кетейік, Бәйдібек ата ауылында бүгінгі таңда 1500-ден аса халық тұрады. Елдімекенде ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға – Бәйдібек Қарашаұлының кесенесі орналасқан.