ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ «АЛТЫН ҚОЛҒАП» ТУРНИРІНДЕ 3 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

287

Сербияның Суботица қаласында жастар арасындағы «Алтын қолғап» халықаралық турнирі өтті. Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғаған кентаулық Бахтияр Анарбаев 60 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан болатын. Нәтижесінде 24 мемлекеттен 186 боксшы бас қосқан жарыста ол 1-ші орынға ие болды. Сондай-ақ жарыстың «Үздік боксшысы» атанды.

Бахтияр – Кентау қаласындағы спорт клубының және Түркістан облысының Ә.Нұрмаханов атындағы ОРМБЖСМ-нің спортшысы. Жаттықтырушылары – Р.Шерметов, Т.Жаулыбаев. Чемпион қазіргі таңда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың 1-курс студенті. Осы күнге дейін бокстан Түркістан облысының, ҚР чемпонатының жеңімпазы, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Сербия төріндегі додада Түркістан өңірінің қыздары да жасындай жарқырады. 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек чемпион атанды. 70 келіде Гауһар Шайбекова да қарсылас шыдатпай, алтыннан алқа тақты. Ал 75 келіде Аида Сарибарова қола жүлдеге ие болды.