Абай ауданындағы 17 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

392

Шымкент қаласында көлік жолдары 3 247 шақырымды құрайды. Биыл 49,8 шақырымды құрайтын 71 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Оның ішінде 9,1 шақырымдық жол, яғни 17 көше Абай ауданының аумағында орналасқан. Атап айтқанда: А.Баққараев, Арын қожа, Ж.Ахметов, Е.Алтынбекұлы, О.Оралбайұлы, №1 өткел көшелері, М.Әуезов, Қ.Бақбаев, Б.Алпысбаев, Б.Саттарханов, Бейбітшілік, №1, №2, №3, №4, Орталық, Агропром көшелері кіреді.

Аталған жұмыстардың мердігері – «Шымкент Дор Строй» ЖШС, ал техникалық жобалаушы болып «Жобақұрылыс орталығы» ЖШС бекітілген.

Қазіргі уақытта 80 пайызға жуық жұмыстар атқарылған. Барлық көше жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.