Қайырымды жандар марапатталды

436

Бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандағы қайырымдылық акциясына белсенділік танытып, қолдау білдіретін кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдарды «Жомарт жүрек» сыйлығы лауреаттарын марапаттады.

Дәлірек, «Жыл меценаты» номинациясымен –Оразов Рысбек Жақсылықұлы, «Жыл тұлғасы» номинациясымен – Наимбекова Айжан Ізбасханқызы, «Туған өлке» номинациясымен – Тілепова Гулмира Барқыбекқызы, «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясымен – Әлібеков Жақсылық Байболатұлы, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен – «Оңтүстік жастары» қоғамдық қоры марапатталды.

Аудан басшысы лауреаттарды құттықтап, пайдалы әлеуметтік және қайырымдылық қызметті одан әрі жалғастырып, ауданымыздың игілігіне арналған әлеуметтік бастамаларды іске асыруда табысты тәжірибе үлгісі болуды тіледі.

Айта кетейік, жоғарыда аталған азаматтар аудандағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға, көп балалы аналарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйі тәрбиеленушілеріне үнемі демеушілік танытып келеді. Сонымен бірге, ауданның инфрақұрылымын дамыту саласына да (жол жөндеу, жарықтандыру, шағал тас төсеу) өз үлестерін қосып келеді.

«Жомарт жүрек» — бұл қайырымдылық саласындағы маңызды қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды анықтау, тану және көтермелеу үшін өткізілетін жыл сайынғы қайырымдылық сыйлығы.

Қайырымдылық жасаушыларды марапаттау — бұл жалпы әлемдік тәжірибе, оның мақсаты қайырымдылық жасаушыларды таныстыру, дамыту және шабыт беру, қайырымдылық қоғамдастығына қызмет ету болып табылады.