АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

307

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында ардагерлер кеңесінің кезектен тыс пленумы болып өтті. Оны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Өксікбаев ашып, есепті кезеңде атқарылған жұмыстарға байланысты баяндама жасады.

Жиынға облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сапарбеков Әбдішүкір, аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.

А.Құлмаханов: Сіздерді алда келе жатқан қарттар күні, мейірім мен ізгіліктің белгісі болған мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Сіздер кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келесіздер. Егемен еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауды, жақсы күндерді еселі еңбегімізбен жақындатуды біз сіздерден үйреніп келеміз.

Ауданымызда бүгінгі күнге дейін ел игілігі үшін түрлі әлеуметтік қызмет саласында еңбек етіп жүрген ардагерлер аз емес. Соның бірі, 17 жыл ардагерлер кеңесінің хатшысы болып қызмет етіп, бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Сатыбалды Жаңабайұлын айтып өтуге болады.

Бүгін жиынның маңызы Аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы етіп бірауыздан ауданымыздың әлеуметтік-экономика салында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп зейнеткерлікке шыққан ардагер Қосмаханбет Төлепті сайлады. Жаңа хатшыға облыстық адагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ә.Сапарбеков пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Өксікбаевтар жұмысына сәттілік тіледі.