«АУЫЛ — ЕЛ ТІРЕГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОНКҮНДІК ІС-ШАРА ҚАРАСУДА ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

206

​ ​ ​ ​ Аудан әкімі Уласбек Садибековтің бастамасымен Қарасу Ауылдық Округі «Ауыл — Ел тірегі» жобасы аясында онкүндік іс-шара басталды.

​ ​ ​ ​ Іс-шараға аудан әкімінің кеңесшісі Рысқұл Есполай қатысты.

​ ​ ​ ​ Кездесуде ауылдық округінің әкімі Дамир Сыдыков онкүндіктің жоспарын дайындау барысында ауылдық округіне қарасты жергілікті қоғамдастық мүшелері және ауыл кәсіпкерлері, аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен кеңес өткізіліп, ауылдағы өзекті мәселелерге баса назар аударылғанын атап өтті.

Атап айтқанда, ауылдарға ағын су жеткізу, жолдарға тас төсеу, жол белгілері мен кедергілерін, трансформатор орнату, ауылдың бірлігі мен ынтымағын арттыру, иманды ұрпақ тәрбиелеу мақсатында медресе салу, Жаңатұрмыс ауылына жеке кәсіпкердің қаражатынан медпункт салу және ауылды абаттандыру, көркейту және басқалары.

​ ​ ​ ​ Келесі кезекте аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев әр сала бойынша атқарылатын жұмыстарды таныстырды. Жоспарға сәйкес, ауыл аумағында 75 дана электр бағанасы жаңартылады. «Аламан» каналының ішкі арығы тазаланады. Ауыл орталығында қызыл сызыққа түсіп, рұқсатсыз, өз бетінше заңсыз салынған нысандар бойынша рейдтік жұмыстар ұйымдастырылып, заңсыз құрылыстың алдын алу мәселелері түсіндіріледі. Әйтеке би ауылындағы Жаңақұрылыс аумағында газ құбырларын тарту жұмыстарының барысы әрі сапасы бақылауда болады. Жергілікті ақын Тәнімгүл​ Шонтықованың​ «Балауса» атты жыр жинағының тұсаукесері​ ұйымдастырылады. Сонымен қатар,​ ​ Ақбастау, Әйтеке би, Ынтымақ ауылындағы жабық футбол алаңдарында «Ақсу» спорт клубының спорт нұсқаушылары тарапынан спорттық ойындар өткізіледі. Ал, жер саласында тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін кезектілік тізімін реттеу, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу, ауылдық округінде бос жатқан жайылымдық жерлерді қайтару және ауыл тұрғындарының малын жаю үшін әкімшілікке табыстау жұмыстары жүргізіледі. Әлеуметтік салада 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында 7 азаматты бағдарламаның белсенді іс-шараларымен қамтамасыз ету көзделген.

​ ​ ​ ​ ​ Жиын барысында жергілікті белсенділер оң пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, ауылдық округінде өтетін іс-шараларға белсенді қатысатындарын жеткізді.