ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

232

Өзбекстанның Наманган қаласында белбеу күресінен өткен Әлем чемпионатында түркістандық Айдарбек Тоқтарбек-әлем чемпионы, Ақжігітова Айнур және Құдасбек Гүлзира-әлемнің қола жүлдегерлері атанған болатын.

Дүбірлі додадан толағай табыспен оралған спортшыларымызды бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен Түркістан облыстық жауынгерлік өнер қауымдастығының құрметті президенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы,генерал-майор Дүйсебаев Әбілсейіт Оразақынұлы қабылдап, жеңісімен құттықтады.

Кездесу барысында жаттықтырушылар қаламызда спорттың дамуына айрықша көңіл бөлініп жатқандығын айта отырып, талантты жастардың талабына қолдау көрсеткен басшылыққа ризашылығын білдірді.

Ал, жеңімпаз спортшыларымыз алдағы бәсекелерде жеңіске жету үшін бар күш-жігерін аямайтындығын жеткізді.

Жиын соңында жеңімпаздарға арнайы алғыс хат пен сый-сияпат табысталды.