ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

199

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» мақалын назарға жеткізіп, өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы білім алу қажеттілігін атап өтті.

Сапалы білім алудың педагог тарапынан оқытуымен қатар құрастырушы бөліктері ретінде ол жастардың дұрыс бағыттағы жүріс-тұрысы, алдағы буынның тәрбиелік мәні бар өмірлік тәжірибемен бөлісу, олардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Бұл тұрғыда, бүгін аудан прокуроры Даулет Тлемисовтың бастамасымен ауданға қарасты Манкент ауылында орналасқан мәдениет үйінде №1 Сабыр Рахимов, №11 Манкент, №27 Аккала, Ибрагим Ата, №45 1-Май, Айнабұлақ, Айша-Бибі, №64 Ш.Рашидов атындағы жалпы орта мектептерінен 300-ге жуық жасөспірім ұлдармен семинар кеңес өткізілді.

Аталған іс-шараға аудан прокуроры, аудандық полиция басқармасының және адами әлеуетті дамыту бөлімі басшылары мен жауапты қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен педагог-психологтар қатысып, жасөспірімдермен ашық диалог құрды.

Алғашқы сөзді аудан прокуроры Дәулет Бекбашұлы бастап, Президенттің Жолдауында жастарға қатысты айтылған іс-шаралардың жүзеге асыру барысын түсіндіріп, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалған құқық бұзушылықтар мен қоғамда белең алған өзге де қылмыстар, бұдан бөлек суицид, нашақорлық, ерте жүктілік жағдайларына ерекше тоқталып, жиналған қауымға әрбір құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес тиісті жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

Аудан аумағында ұрып-соғу, ұрлық, алаяқтықпен алдау әрекеттеріне барған жасөспірімдер туралы мысалдарды келтіріп, мағыналас жағдайлардан аулақ болуын және ондай іс-әрекеттер бойынша құқық қорғау органдарына дер кезінде хабар беруді, түнгі уақытта сағат 22:00-ден кейін ата-анасыз жүруге, мектептегі сабақтарды себепсіз өткізуге болмайтыны, жалпы қазіргі таңда мемлекет тарапынан жасалып жатқан барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, білім мен ғылымды, өнер мен спортты ұштастыра отырып, өзін дамыту жолында еңбек ету қажеттілігі жөнінде түсіндірме берді.

Сондай-ақ, аудан прокурорына жасөспірім балдар тарапынан көкейінде жүрген бірнеше сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді.

Бұндай кездесулер өз жалғасын табатын болады, бүгінгі күнге іс-шара барлық ауыл округтерде өткізілу жоспарланып, тиісті кесте түзілген.