МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ТҮРКІСТАН ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУІНДЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН:
соңғы жылдары Түркістанға тартылған инвестиция көлемі 8 есе артты;
77 мың адамға арналған көп қабатты үйлер салынды;
2019 жылдан бері облысқа 2 миллионға жуық турист келді;
соңғы үш жылда аймақтағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласы 1,5 есе өсті;
облыста 64 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды;
биыл «Серпін» бағдарламасы бойынша түркістандық жастарға арнап 800-ден астам грант бөлінді;
соңғы жылдары 83 жаңа мектеп пайдалануға берілді, ал қазір 59 мектеп салынып жатыр;
денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар жаңа нысан бой көтерді, оның ішінде облыстық жедел жәрдем станциясы, 5 аудандық емхана бар.
t.me/bort_01