ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

285

Бүгін қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес төрағасы Жебел Достанов жетекшілік еткен жиынға шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова, қалалық мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев, Қоғамдық кеңес мүшелері мен есеп беретін тиісті бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңестің күн тәртібіндегі мәселе бойынша алғаш болып қалалық «Ветеринариялық қызмет» басшысы Омар Бегасилов 2021 жылғы атқарған жұмыстарының есебі мен қаңғыбас иттердің, мысықтардың адамдарға қауіпсіздік шараларының сақталуы туралы атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Әрі қарай Арыс қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қазыбек Ақылбай «Қаланың тазалығы, егілген ағаштардың, гүлдердің сақталуы, қаланың жарықтандырылуы үйлердің нөмірленуі туралы» атқарылған жұмыстар, шешімін тапқан түйткілді мәселелер жөнінде есеп берді.

Сонымен қатар, «Арыс ауданында жалпы тәртіптіліктің сақталуы, жол ережелерінің сақталуы, ұрлықтардың алдын алу шараларының барысы туралы» аудандық полиция бөлімінің бастығының м.у.а. полиция полковнигі Абай Тулешов, «Арыс қаласының және ауданның денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыстары туралы және олардың қысқы жылу маусымына дайындығы бойынша»Арыс аудандық Орталық аурухананың бас дәрігері Айдынбек Наркабуловтар баяндамалар оқыды.

Жиында кеңес мүшелері тарапынан түрлі сауалдар қойылып, ұсыныс пікірлер айтылды.