СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

341

Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Г.Құрманбекованың төрағалығымен Арыс қаласы әкімдігі жанынандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Мәжіліске қала әкімдігі жанынандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері, аппарат қызметкерлері, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау» мәселесі бойынша Арыс қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрғиса Жанбатыр, Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлмаханбет Әділбеков, Арыс қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Марат Асанов, Арыс қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қазыбек Ақылбай баяндама жасады.

Сондай-ақ, Арыс қаласы әкімдігі жанынандағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәжілісі болды. Күн тәртібінде «Қоғамдық орындар мен көшелерде құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы», «Көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Арыс ауданының полиция бөлімі бастығы міндетін уақытша атқарушы Абай Алтынбекұлы баяндама жасады.

Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.