АҚТАС-2 ТҰРҒЫНДАРЫ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

361

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауын тұрғындарға насихаттау мақсатында, Ақтас-2 тұрғын алабы тұрғындарына арнап кездесу өткізілді. Жиын барысында Жолдауда көтерілген негізгі 5 бағдар бойынша қызу талқу болып, кездесу пікір-таласқа жалғасты:
БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ.
ЕКІНШІ БАҒДАР. НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ.
ҮШІНШІ БАҒДАР. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ.
ТӨРТІНШІ БАҒДАР. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ.
БЕСІНШІ БАҒДАР. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП.
Сондай-ақ, жиын барысында тұрғындарды ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды бірлесе құруға, белгілеген жұмысты өз деңгейінде атқаруға барлық мүмкіндіктер бар екенін айтып, бұл міндеттерді жүзеге асыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.