МЕКЕМЕАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

393
Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мұхит Отаршиев және аудан прокуроры Нұрлан Алдабергеновтың төрағалығымен ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысымен қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы және оның алдын алу іс-шаралары бағытында атқарылған жұмыстар бойынша мекемеаралық мәжіліс өтті.
Мекемеаралық жиналысқа аудан әкімінің орынбасары, Сарыағаш АПБ-нің, ҚР ҰҚК ШҚ Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасы, Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшылары және қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Жиын барысында аудан прокурорының орынбасары А.Кабдурахманов, аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов, Сарыағаш АПБ-нің көші қон қызметі бөлімшесінің инспекторы Е.Ибрагимов қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы және оның алдын алу іс-шаралары бағытында атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Сондай ақ, жиында 2021 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылдың 8 айында аудан көлемінде криминалдық ахуал қылмыстық құқық бұзушылықтың барабар өсу деңгейі бойынша статистикалық мәліметтер мен ұсыныстар айтылды.
Жиын қорытындысымен жауапты мекеме басшыларына қылмыстық құқық бұзушылықтарды азайту, алдын алу, дер кезінде іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында аудан аумағындағы бейнебақылау камераларының, автожолдардың қауіпті аймақтарына жол белгілері мен жылдамдықты өлшейтін құрылғыларды орнату жұмыстарын күшейту тапсырылды.