ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚТА ЖАРЫСТЫ

162

2022 жылғы 17-қыркүйек «Дүниежүзілік тазалық күні» (World Cleanup Day 2022) жыл сайынғы экологиялық акциясы аясында, Сарыағаш ауданының жастарын біріктіре отырып, аумақты қоқыстан тазарту бойынша жалпы экосайыс ұйымдастырылды. Бұл экосайысқа Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің ерікті жастары мен «Арыстанбаб» жоғары колледжінің ерікті жастары бірлесіп оқу орын аумағын қоқыстардан тазартуға қатысты.

Тазалық іс-шарасына қатысушы ерікті жастар қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді. Бұл сенбілік тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелердегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда ұйымдастырылған сенбілік қала тынысының кеңеюіне үлесін қосты. Аудан белсенділері бастаған тазалық жанашырлары аз уақыттың ішінде айналаны тазартып, қала келбетінің көркеюі үшін тер төкті. Көше айналасын толық қамтыған жастар қоқыс қалдықтарын шығарып, қызу тазалық жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1 тоннадан астам қоқыс жинап, ауданның көркеюіне өз үлестерін қосты. Сайысқа қатысқан топтарға арнайы дипломдар табысталды.