БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ БӨГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

315

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген жоспар кестесіне сәйкес Бөген ауылдық округінің Екпінді ауылында тұрғындармен кезекті кездесуін өткізіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.

Кездесу барысында ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Заманхан Аманжолов, аудандық мәслихаттың депутаты Дәуір Ахатаев, округтің төбе биі Жаппарбек Сұлтанбеков, Екпінді ауылының биі Жолдыбай Бабашев ауыз су, әншілік өнерге баулу, ағын су мәселесі, каналдарды тазалау, Сарқыраманың ауыз суы, Сарқырамадағы Орманов мектебінің алдына арнайы кедергі, жол белгілері, Екпінді елді мекенінің ауыз су мен электр энергиясы сынды бірқатар мәселелер көтерілді.

Сұрақтарға аудан әкімі мен тиісті мекеме, бөлім басшылары жауап берді. Әрбір өтініш назарға алынатынын айтқан Ержігіт Шәріпбеков сала бойынша орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшыларына және ауылдық округі әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жиынды аудандық мәслихаттың хатшысы Асқар Кенехан жүргізді.