«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ПИЛОТТЫҚ ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ КЕЛЕС АУДАНЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ КӨЗДЕЛУДЕ

430

Келес ауданында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы бойынша аудан орталығында 1 500 оқушыға арналған мектеп, Біртілек ауылдық округінің орталығынан 600 орындық, Оразата елді мекенінен 300 орындық, Ошақты ауылдық округінің Сарыжылға елді мекеніне 300 орындық, Жиделі елді мекеніне 600 орындық, Ақтөбе ауылдық округінің Ескіқорған, Жуантөбе және Ғани Мұратбаев елді мекендерінен 600 орындық, Алпамыс батыр ауылдық округінің Қауыншы елді мекенінен 600 орындық мектеп құрылыстарын жүргізуге ұсыныс берілуде.

Бүгін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аталған елді мекендерде болып, жаңа үлгідегі мектептер салу үшін жер телімдерін бөлу, инженерлік жүйелерін жүргізу жұмыстарының мүмкіндіктерімен танысып, жауапты бөлім басшысы мен ауыл әкімдеріне қажетті шараларды атқаруға тапсырмалар берді.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа үлгідегі мектептер салу үшін жер телімдерін бөлу, инженерлік жүйелерін жүргізу сынды тапсырмалар міндеттеген болатын. Берілген тапсырма аясында Келес ауданында 9 елді мекеннен жаңа үлгідегі мектеп құрылысын жүргізу үшін арнайы жер телімдері бөлінді.

«Президент Жарлығы негінде жергілікті тұрғындармен кездесудеміз. Кездесу барысында тұрғындар жаңа мектеп салу мәселесін көтеріп, қажетті шаралар атқарылуда. Жоспарға енген 9 мектеп тікелей тұрғындар сұранысы негізінде салынбақ. Бұдан бөлек Ақтөбе ауылдық округінің Көгерту елді мекенінен және Қошқарата ауылдық округінің Ұшқын елді мекенінен 300 орындық мектеп құрылысы жүргізуді талап етеді. Сонынмен қатар, Абай ауылынан, Бірлесу ауылдық округінің Қазақстан елді мекенінен, Ошақты ауылдық округінің орталығынан және Біртілек ауылдық округінің Көлтоған елді мекенінен 600 оқушыға лайықталған мектептер салуымыз қажет. Осы жоспарды жүзеге асыру үшін қажетті шараларды атқарып, облыстық салалық басқармаға ұсыныс дайындауды тапсырамын» — деген аудан әкімі тиісті орынбасары мен сала басшысына нақты тапсырмаларды жүктеді.

Айта кетейік, жобаның мақсаты – қалалар мен қарқынды дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде жаңа үлгідегі, бірыңғай стандарттағы жабдықталған мектептер салу. Оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау және білім беру қызметінің сапасын арттыру болып табылады.