“АЙГҮЛДІ ҚАЛАЙ ҚҰШАҚТАМАЙСЫҢ?..”

1428

Журналист-Сенатор Айгүл Қапбарованың сүйінші жаңалығына қалай сүйсінбейсің, қалай құшақтамайсың?… Жер дауына байланысты өз былай дейді:
-Бүгін Сенаттың пленарлық отырысында жер қатынастары бойынша Заң жобасы қаралды. Нәтижесінде Сенат аталған заң жобасына өзгерістер пен толықтырулар енгізіп, ҚР Парламенті Мәжілісіне қайтарды. Мәжіліс депутаттары енгізген ұсыныс яғни, Жер кодексі бойынша заң жобасына енгізілген 48— баптың 2- тармағы Сенатта қолдау таппады. Заң жобасынан ол норманы алып тастау туралы шешім қабылдадық. Айта кетейін, Сенат енгізген ұсыныстар шетелдік азаматтарға, шетелдік заңды тұлғаларға, азаматтығы жоқ адамдарға орман өсіру мақсаттары үшін жер учаскелерін жалға беруге тыйым салуды көздейді.
ARA-ақпарат