“САУРАНДА НЕ ЖАҢАЛЫҚ?..”

1277

Президент Қ.Тоқаев Сауранға енші бөліп, жеке дара аудан етті. Қазақтың дәстүрінде қарашаңырақ енші берген жас отауға қарасып тұрады. Мұны Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жақсы біледі. Сол себепті шығар “зам әкімін” апта сайын Сауранға жұмсап, ахуалын біліп тұруды тапсырды. Аудан әкімі Ғани Рысбеков жөн білетін әкім ғой, бүгін аудан зиялыларымен бас қосты. Ақсақалдармен ашық әңгіме құрды.
Қысқасы былай… Сауран ауданы әкімдігінде ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері арнайы келіп, жаңа ауданның келешегі мен дамуына өз ұсыныс- тілектерін білдіру үшін арнайы жиналды. Жиынға Сауран ауданының әкімі Ғ. Рысбеков, аудандық маслихат хатшысы М.Күнпейісов, аппарат басшысы Д.Құдияров, ішкі саясат бөлімінің басшысы м.а Т. Жанәділов, аудандық полиция бөлімінің қызметкері А. Қалдыбаев, Шорнақ ауылы әкімдігінің қызметкерлері қатысты.
Ардагерлердің ұсыныс-тілектерін мұқият тыңдаған аудан әкімі Ғ.Рысбеков алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқтала келе, жиналған азаматтарды елдің ынтымағы мен бірлігі үшін бірлесіп жұмыс жасауға, ауыл жастарын мемлекттік қызметке жұмысқа тартуға, тазалықты сақтауға, ауылды көркейтуге, қоғамдық жұмысқа ат салысуға, ауыл, көше билерін құруға, олардың жұмысын жандандыруға және кәсіпкерлерді туған елге тағзым етуге шақырды.
Ауыл ақсақалдары аудан әкімінің ұсынысын қабыл алып, бірлесіп жұмыс жасайтындығын айтып, батасын беріп тарасты.
ARA-ақпарат