ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ЕРТЕҢ 18:00-ДЕ АЯҚТАЛАДЫ

291

2022 жылдың 22 қарашасында кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Қоғамдық бірлестіктер атынан Президент сайлауына 5 үміткер ұсынылды.

Кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталған болатын. Науқан 19 күнге созылады. Атап айтқанда, 11 қазан күні 18:00-ге дейін.

Президенттікке кандидаттарды республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Орталық сайлау комиссиясы 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында үміткерлердің Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

Осы уақыт ішінде Президент сайлауына 5 кандидат ұсынылды. Олар:

Жигули Дайрабаев — «Ауыл» партиясы атынан;
Нұрлан Әуесбаев — Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан;
Мейрам Қажыкен — «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан;
Қасым-Жомарт Тоқаев — Халықтық коалиция атынан;
Қарақат Әбден — «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан.

Айта кетейік, ҚР Президенттігіне кандидаттардың әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Үміткерлер үшін сайлау жарнасының мөлшері — 3 млн теңге.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі