ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ НАЗАРЫНА!

270

Түркістан қаласында рұқсат алынбаған, заңсыз салынған нысан иелеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығына сәйкес ескертулер жүргізілуде.

ЕСКЕРТУ!

Жаңа құрылыс нысанын тұрғызушы азамат заңнамаға сәйкес, құрылыс жұмыстарын қалалық «Сәулет және қала құрылысы бөлімінің» мамандарымен кеңесіп, рұқсат құжаттарын алу арқылы бастауы қажет.

2-тарау. ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТАЛАПТАРЫ

  1. Елді мекендердің аумағында әртүрлі мақсаттағы объектілерді өз бетінше салуға жол берілмейді.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-14 тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1 тармақшасына сәйкес нормалар мен талаптарды (шарттарды,ережелерді, шектеулердi) бұзуға жол берілсе, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тартылады.

Құқық бұзушылық анықталған жағдайда ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы

саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік

сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына субъектінің Қазақстан

Республикасы заңнамасының нормаларын бұзғаны туралы хабарламасы жолданады және

бұл жөнінде өтініш берушіні хабардар етеді.

Егер бұл талаптар орындалмаған жағдайда, мемлекеттік Сәулет және қала құрылысы бақылау басқармасы айыппұл салып, нормативке сәйкес келмесе, бұзуға жібереді.